«ТАРИХ СЕРПІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ НЕТВОРКИНГ
14-03-2024 11:29
 «ТАРИХ СЕРПІН» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 14 наурызда ZOOM платформасында тарих мұғалімдеріне арналған «Тарих серпін» жобасын іске асыру шеңберінде онлайн режимде нетворкинг өткізді.

Тарих пәнінің мұғалімдері З.Б. Асаубаева, Д.С. Сатмағанбетова, Б.Б. Ахметжанова, С.М. Адлбекова, Ақтоғай ауданының «Сарышаған жалпы білім беретін мектебі» КММ жұмыс тәжірибесін қорытындылады. Нетворкинг қатысушыларына «Қазақ» апталық газеті өкілдерінің идеологиялық құндылықтары» тақырыбы бойынша 11-сыныптарда Қазақстан тарихын оқытудың әдістемелік тәсілдері ұсынылды. Мұғалім сабақты үйлестіреді, оқушылардың ойлау процесін басқарады, шешім жолын көрсетеді.

«XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың басындағы қазақ хандығы тарихындағы дамуға реформатор билеушісі Қасым ханның әсері қандай» тақырыбын зерделеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Дескриптор балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.

Барлығы 100 мұғалім қамтылды.