Білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IIІ Халықаралық жәрмеңкесі
15-03-2024 09:58
Білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IIІ Халықаралық жәрмеңкесі

      2024 жылдың 14-15 наурызында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар проблемалардың тиімді инновациялық шешімдерін анықтау, сараптау және тираждау мақсатында білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың III Халықаралық Жәрмеңкесін өткізді.

Халықаралық жәрмеңкеге біздің облысымыздың ғана емес, сонымен қатар Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының және шетелдердің -Ресей, Польша, Түркия, Оңтүстік Кореяның барлық деңгейдегі (мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының 270–тен астам педагогтері қатысты.

Жәрмеңке екі кезеңде өтті.

Бірінші кезеңде, 2024 жылғы 14 наурызда, педагогтер көрмеде өз жұмыстарын көрсетті, онда ақпараттық материалдары бар стендтер ресімделіп, оның мазмұнында инновациялық жұмыстың ұсынылған идеясы көрсетілді.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен білім беру ұйымдарының әрбір деңгейі бойынша жәрмеңкенің екінші кезеңіне қатысуға жіберілген жұмыстар анықталды.

Екінші кезеңде, 2024 жылдың 15 наурызында, педагогтер шеберлік сыныптары мен презентациялар өткізді, онда олар өздерінің жұмыс тәжірибелерін қорытындылады.

Екінші кезеңге қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Мектепке дейінгі білім деңгейі бойынша:

1 орын - Житенева С. В., «Шахтинск қаласының білім бөлімінің «Ақшақар» бөбекжайы» КМҚК;

2 орын- Баулова Т. А., «Саран қаласы білім бөлімінің «Балғын» бөбекжай-бақшасы» КМҚК; Круг Т. Л., Пикарева Е.В., «Саран қаласы білім бөлімінің «Колокольчик» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;

3 орын–Цхай О. В., «Саран қаласының білім бөлімінің «Балғын» бөбекжайы» КМҚК; Жалелова Р. У., Наурызбаева Г. Н., «Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» КМҚК; Константиниди А.П., Ибрагимова Е., «Осакаров ауданының білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК.

Жалпы орта білім деңгейі бойынша:

1 орын- Ибраева Ж.Б., Тарыбаева А.К., Тулешова К.А., «Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»;

2 орын– Нұрғалиева Ж.Д., Мақаш А.Д., «№13 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ; Ким О. О., Элсиева С. П., «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;

3 орын– Лейхнер Т. А., Қарағанды қ. «Оқушылар сарайы» КМҚК; Баатархан Д., Манапхан Г., Хавдолда А., «Теміртау қ. Білім бөлімінің «№9 Лицей» КММ; Жанбырбай Е.Ж., Абылкап Р.А., «Ақтоғай ауданының білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай кешені» КММ.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім деңгейі бойынша:

1 орын- Хамзина Г. М., Саттыбаева А. Р., Орынбасарова М. О., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;

2 орын– Шалғынбай Г. Ж., Өмірбаев А. Р., Сағадиева А. Т., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Тойбекова Ж. А., Ильяшева Ш. А., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК;

3 орын- Бакибаева Т.Б., Камар Ш.К., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ; Хамков И. А., Правосудов М. В., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК; Алибаева М. С., «Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі».

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, сондай-ақ электрондық форматта арнайы жинақ шығару жоспарланып отыр.