Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 наурыз күні «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік күн өткізілді.
Күн тәртібіндегі сұрақтарға сәйкес «Оқу процесінің сапасын бақылау», «9-сыныптарда химия және биология пәндерін оқыту сапасы» мектепішілік бақылаудың жұмыстарымен Амиркулова Гульмира Рамазановна, Балқаш қаласы, «№4 ЖББМ» КММ директоры, Каминенская Наталья Александровна, Теміртау қаласы «№27 ЖББМ КММ директоры, Юханова Динара Бернардовна, Теміртау қаласы «№11 ЖББМ» КММ директоры баяндады.
Күн тәртібінің сұрақтарын талдау барысында мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, ұсыныстар берілді.
Әдістемелік күнге Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларының жобаға енген 17 мектептің директорлары, орынбасарлары барлығы 34 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz






