«1000 МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЛҚАШ, ТЕМІРТАУ, ШАХТИНСК ҚАЛАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
15-03-2024 17:38
«1000 МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЛҚАШ, ТЕМІРТАУ, ШАХТИНСК ҚАЛАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 наурыз күні «1000 мектеп» республикалық жобасына қатысушы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік күн өткізілді.

Күн тәртібіндегі сұрақтарға сәйкес «Оқу процесінің сапасын бақылау», «9-сыныптарда химия және биология пәндерін оқыту сапасы» мектепішілік бақылаудың жұмыстарымен Амиркулова Гульмира Рамазановна, Балқаш қаласы, «№4 ЖББМ» КММ директоры, Каминенская Наталья Александровна, Теміртау қаласы «№27 ЖББМ КММ директоры, Юханова Динара Бернардовна, Теміртау қаласы «№11 ЖББМ» КММ директоры баяндады.

 

 Күн тәртібінің сұрақтарын талдау барысында мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, ұсыныстар берілді.

Әдістемелік күнге Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларының жобаға енген 17 мектептің директорлары, орынбасарлары барлығы 34 педагог қатысты.