2024 жылдың 15 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК базасында Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша педагогтерге арналған облыстық оқыту семинарын өткізді. Семинарға Қарағанды облысы колледждері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушылары қатысты.
Семинардың бірінші бөлімінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Қазақстанның конфессияаралық әртүрлілігі және олардың арасындағы қатынастар. Конфессиялық әртүрлілік» тақырыбында қоғамдық үдерістерді зерделеу және талдау орталығының атқарушы директоры, Қарағанды облысы Дін істері басқармасының облыстық ақпараттық түсінідіру тобының мүшесі, заңгер, дінтанушы, «Отбасын қолдау орталығы» КММ теологы Серік Қуатұлы Тілекбаев жұмыс жасады.
Сондай-ақ, семинардың екінші бөлімінде «Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі (Абай мен Шәкәрім мұрасының мысалында)» тақырыбында мәдениеттанушы, рухани-адамгершілік тәрбие басқармасы төрағасының орынбасары, Қарағанды техникалық университетінің әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы жұмыс жүргізді.
Семинарға Қарағанды облысы колледждерінің 40 педагогы қатысты