«Web-мастер» жобасы аясындағы «Сайт құру» облыстық байқауы
19-03-2024 17:51
«Web-мастер» жобасы аясындағы  «Сайт құру» облыстық байқауы

Байқау танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру, инновациялық құзыреттіліктерді, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды дамыту мақсатында өткізілді.

Байқау 2 кезеңде өтті:

I кезең-сырттай кезең: 08.01.2024-24.02.2024ж.

Байқаудың сырттай кезеңі күндізгі кезеңге қатысушыларды анықтау мақсатында қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге жіберілді.

II кезең - облыстық деңгей, 2024 жылғы 15 наурызда өткізілді. Байқаудың күндізгі кезеңінде қатысушылар өздерінің веб-сайттарын қорғады.

2024 жылғы 19 наурызда ZOOM платформасында байқауға қатысушыларды марапаттау өткізілді.

Сайт құрастырушыларын пайдаланусанаты бойынша:

- «Үздік техникалық шешім» номинациясы бойынша Шет ауданы Мойынты ЖББМ»КММ информатика пәнінің мұғалімі Сейіт Жания Сайлаубайқызы;

- «Үздік пәнаралық байланыс жұмысы»номинациясы бойынша Абай ауданы «Мұқағали Мақатаев атындағы ЖББМ» КММ химия және информатика пәндерінің мұғалімі Русских Вера Юрьевна;

Сайт құрастырушыларын пайдалану санаты бойынша 3 орын алғаны үшін Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі Алина Бакытжан Саятовна;

Сайт құрастырушыларын пайдалану санаты бойынша 2 орын алғаны үшін Абай ауданы, «Н. Әбдіров атындағы тірек мектебі(РО)» КММ информатика пәнінің мұғалімі Алдрапеков Альбек Муратович;

Сайт құрастырушыларын пайдалану санаты бойынша 1 орын алғаны үшін Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ, информатика пәнінің мұғалімі Зубрин Сергей Викторович марапатталады.

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша

- «Үздік практикалық жұмыс» номинациясы бойынша Қарағанды қаласы  «№5 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ информатика пәнінің мұғалімі Тяжина Жулдыз Шаитовна;

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 3 орын алғаны үшін Осакаров ауданы «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәнінің мұғалімі Муратбек Айганат;

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 2 орын алғаны үшін Балқаш қаласы «№1 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі Клементьева Олеся Сергеевна;

Web бағдарламалау тілдерін пайдаланып, бастапқы кодты ұсыну санаты бойынша 1 орын алғаны үшін Балқаш қаласы «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика  пәнінің мұғалімі Ахметова Бакытгуль Рымбековнамарапатталады.

Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!