Iteens» білім беру Хакатонын іріктеу кезеңі басталды
20-03-2024 14:48

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаг» компьютерлік академиясымен бірлесіп оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын көтермелеу, шығармашылық қабілеттерін және информатика мен программалау қызығушылығын анықтау және дамыту мақсатында 10-16 жас аралығындағы оқушылар арасында «Iteens» білім беру Хакатонын іріктеу кезеңің өткізеді.

Іріктеу кезеңің тапсырмалары  2024 жылдың  25-27 наурызында iteens.kz ресми сайтында қолжетімді болады.

Жіберіп алмаңыздар!!!