Дуальды оқытуды енгізуді жоспарлап отырған облыс колледждерінің өкілдері үшін облыстық оқыту семинары
28-03-2024 13:06
Дуальды оқытуды енгізуді жоспарлап отырған облыс колледждерінің өкілдері үшін облыстық оқыту семинары

      2024 жылдың 28 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК    базасында дуальды оқытуды 2024-2025 оқу жылында енгізуді жоспарлап отырғандар облыс колледждерінің өкілдері үшін облыстық оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: дуальды оқытуды енгізуді жоспарлап отырған Қарағанды облысының колледждеріне әдістемелік және практикалық көмек.

Қарағанды облысында дуальды оқыту 2012 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Дуальды жүйе бірден екі міндетті шешеді - білікті кадрларды сапалы даярлау және Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы кадрлық жетіспеушілікті толықтыру.

Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер: Нартова Татьяна Георгиевна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары, Яшукова Елена Александровна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Тураров Галым Далельханович, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, Ляпунова Надежда Васильевна, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, Ахметов Бегзат Айткенович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Халуева  Татьяна Викторовна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Муртазаев Кайратбек Нуралиевич, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

Семинар барысында спикерлер келесі өзекті тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті: «Дуальды оқыту әлеуметтік серіктестік құралы ретінде»,  «Дуальды оқыту жүйесіндегі оқу процесінің құрылымы»,  «Дуальды оқытуды нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастыру», «Тәлімгерлік үшін төлем - кәсіпорындар үшін дуальды оқытуды ұйымдастыруды ынталандыру құралы», «Дуальды оқыту білім беру бағдарламаларын әзірлеу», «Дуальды оқыту кезінде өндірістік оқыту шеберлерінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу», «ҰБДҚ-ға міндетті деректерді енгізу».

Семинарға қатысушылар баяндамаларды тыңдап, талқылады, айтылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.