Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 28 наурыз күндері Көктемгі мектеп аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математика сабақтарында логикалық қабілетті дамыту арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары» тақырыбында курс ұйымдастырылды өткізілді.
Әдіскер тарапынан «Логикалық тапсырмалар түрлері, жіктелуі» тақырыбында шеберлік сабағы көрсетіліп, практикалық жұмыс жасалды. «Логика күні» аясындағы жұмыстар барысы айтылып, оқу-әдістемелік сайтында орналасқан материалдарға шолу жасалды.
Облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері логикалық, шығармашылық тапсырмаларды құрастыру және оны шешу жолдарын тәжірибе алаңында ұсынды:
Тусупова Гаухар Хамитовна, Қарқаралы ауданы.
Каинбаева Майра Кумаровна, Саран қаласы.
Мұстафаева Бикеш Жаздаевна, Саран қаласы.
Омаркулова Гулнур Сериковна, Жумабекова Айжан Еркиновна. Теміртау қаласы.
Колова Анастасия Владимировна, Мамкенова Гульнара Каирбековна, Саран қаласы.
Аханова Маржан Насыровна, Бұқар жырау ауданы.
Исангулова Алия Амангельдыевна, Афанасьева Ирина Витальевна, Қарағанды қаласы.