Қарағанды облысы биология пәні мұғалімдерінің көктемгі мектебі
27-03-2024 11:51
Қарағанды облысы биология пәні мұғалімдерінің  көктемгі мектебі

      2024 жылдың 26-27 наурыз аралығында Қарағанды облысы бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология сабақтарында олқылықтардың орнын толтыру». «Білім сапасының мәселелері. Нәтижеге жету әдістері» атты онлайн форматта көктемгі мектеп өтті.

Көктемгі мектепке «Мұрагер ММЛИ» КММ биология пәнінің мұғалімі Щербакова Ксения Вячеславовна, «Озат» КММИ КММ биология пәнінің мұғалімі Виктория Александровна Скрипченко, «Дарын ММЛИ» КММ биология пәнінің мұғалімі Блялова Меруерт Жақановна, Легай Анжелика Вячесовна, «СШЛИ IT» КММ биология пәнінің мұғалімі, Жұмырова Арайлым Амандыққызы, Бегімбаева Назерке Талғатқызы, «Зияткер» КММ биология пәнінің мұғалімдері қатысты. «Көктем мектебі» аясында «Координация және реттеу», «Жасуша биологиясы», «Тірі ағзалардың қоректенуі», «Эккреция», «Тыныс алу», «Жасуша циклі» атты күрделі тақырыптар талқыланды. Семинардың екінші бөлімі «Генетика» бөліміндегі олимпиада есептерін шешуге арналды. Қарағанды облысы бойынша 60 биология пәнінің мұғалімі қамтылды.