Размер шрифта:
Дарынды студенттердің зияткерлік өсуіне жағдай жасап, қолдау мақсатында «Көлік және өнертабыс» тақырыбында ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті.
31-03-2016 11:45
Дарынды студенттердің зияткерлік өсуіне жағдай жасап, қолдау мақсатында «Көлік және өнертабыс» тақырыбында ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті.

      Дарынды студенттердің зияткерлік өсуіне жағдай жасап, қолдау мақсатында Қарағанды облысының кәсіби-техникалық мекемелерінен арнайы тіл және гуманитарлы-техникалық мамандары бойынша І-ІІ курс студенттерінің арасында «Көлік және өнертабыс» тақырыбында ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті. Олимпиада Экономика, бизнес және құқық колледжінің  базасында өтті.

Олимпиада екі турдан тұрды:

1. Тестілеу (лексико-грамматикалық материалдар, тыңдау)

2. Шығармашылық байқау «Презентация»

         Олимпиада тапсырмалары мемлекеттік білім беру стандарттарының негізінде, өзге тілде сөйлеудің  лексикалық және грамматтикалық дағдыларын тексеру, қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін анықтауға бағытталған.  

         Қазылар алқасының шешімімен , жүлделі орындар төмендегідей ретпен бөлінді, арнайы тіл мамандықтары бойынша:

1 орын – Сеитова Диана Мухтаровна Шет тілдер колледжінің студенті;

2 орын – Копать Ксения Владимировна А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті;

3 орын Абдирбаева Аружан Мураткызы – академик Ж.С. Ақылбаев атындағы «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің студенті.

         Техникалық мамандықтар арасында:

1 орын –Станкевич Сергей Сергеевич Қарғанды коммерциялық колледжінің студенті;

2 орын – Фёдоров Александр Александрович Теміртау сату және тамақтану колледжінің студенті;

3 орын – Аханова Улжан Абдуалиевна Қарағанды банк колледжінің студенті.