Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жұмыс парақтарын қолдану
04-04-2024 16:34
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жұмыс парақтарын қолдану

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің Ассоциациясымен бірлесіп 2024 жылғы  4 сәуірде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жұмыс парақтарын қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда ҚО ББД ОӘО әдіскері Цой Ксения Петровна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жұмыс парақтарын қолдану» тақырыбын, Теміртау қаласының «№ 14 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Халипенко Валерия Евгеньевна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында графикалық дизайнның онлайн-сервистерін қолдану» тақырыбын, Теміртау қаласының «№ 6 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Елисеева Елена Владимировна Оқу пәнін қолдау құралы ретінде «Learning App» интерактивті модулі»  тақырыбын баяндады. Семинарға Қарағанды облысының 70 жуық педагогы қатысты.