«Даму» шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобаларын жүзеге асыру шеңберіндегі шеберлік-сыныптар көрсетілімі
12-04-2024 10:05
«Даму» шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобаларын жүзеге асыру шеңберіндегі шеберлік-сыныптар көрсетілімі

      2024 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында «Даму»шеберлер мектебі» және «Алға қадам» жобаларын іске асыру шеңберінде мастер-класстар көрсетілімін өткізді.

Іс – шара педагогикалық ынтымақтастық дағдыларын дамыту, «тәлімгер-жас педагог» жағдайында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Семинардың ашылуында Теміртау жоғары политехникалық колледжінің директоры С.Е. Акбергенова алғысөз сөйледі.

Бұдан әрі, бағдарламаға сәйкес, келесі тақырыптар бойынша Теміртау жоғары политехникалық колледжінің «Педагог-зерттеуші»біліктілік санаты бар тәжірибелі педагогтеріменжас мамандарыныңкіріктірілген шеберлік-сыныптары көрсетілді:

- «Математика, физика және арнайы пәндерді оқыту процесінде интеграцияланған оқыту», Шегай Г.Т., математика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Лобанова Н.А., арнайы пәндер оқытушысы; Каримова К.Н., физика пәнінің оқытушысы;

- «Өнертапқыштық есептерді шешу теориясының элементтерін қолдана отырып, ерітінділерді дайындау алгоритмі және нәтижелерді физика-химиялық әдіспен анықтау», Емельянова О.В., арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші; Малмалаева С.В., арнайы пәндер оқытушысы;

- «Қазақ тілін, информатиканы және арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», Жетимекова Ж.Е., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Куанышев Т.К., арнайы пәндер оқытушысы; Абдибеков А.Е., арнайы пәндер оқытушысы; Туяа К., арнайы пәндер оқытушысы;

- «Орыс тілі мен арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», Шарипова А.М., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Василенко Е.А., арнайы пәндер оқытушысы; Ахметгалина Н.В., арнайы пәндер оқытушысы; Криво К.А., арнайы пәндер оқытушысы; Дронова З.А., арнайы пәндер оқытушысы;

- «Мобилография мультимедиялық элементтерді оқу процесіне біріктіру құралы ретінде», Шалганбай Г.Ж., арнайы пәндер оқытушысы; Жолдыбаев М.А., арнайы пәндер оқытушысы;

- «Инновациялық жобалар», Шалганбай Г.Ж., арнайы пәндер оқытушысы; Омирбаев А.Р., арнайы пәндер оқытушысы.

Шеберлік сабақтарын көрсеткеннен кейін құзыреттілік орталығына экскурсия және колледждің педагог-психологтары А. Хуанган мен А. М. Малаева ұйымдастырған «Психологиялық кептеліс» тренингі өткізілді.

Іс-шара соңында модераторлар - Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері А.А. Кнашина, И.А. Зубарева рефлексия өткізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсынымдар берілді және қорытындылар шығарылды.

Іс-шараға Қарағанды облысы колледждерінің 47 педагогы қатысты.