Размер шрифта:
«12- сәуір –Қазақ ғылымының күні» Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай «Табиғат ғажайыптары»тақырыбында фасилитациялық сессия
12-04-2024 12:15
«12- сәуір –Қазақ ғылымының күні» Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай «Табиғат ғажайыптары»тақырыбында фасилитациялық сессия

      2024 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлерге «12 - сәуір – Қазақ ғылымының күні» Қ. И. Сәтбаевтың туған күніне орай «Табиғат ғажайыптары» тақырыбында фасилитациялық сессиясын өткізді.

Фасилитациялық сессияда Балқаш қаласының аға тәлімгерлері: Бохай Айзат Дулатқызы, «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ, Еркебуланова Айгерим, «Әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ, Сағат Ләззат Сағатқызы, «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ, Тулегенов Бақытжан, «Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ, Қалқаман Айзада Ерланқызы, «№2 Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ, Баянды Жанар Оралбайқызы, «№9 ЖББМ» КММ мен Бейсекина Кулзия Алшымбековна, «Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейі» КММ директорының тәрбие жұмысы орынбасарлары қатысты.

Қатысушылар еліміздің ұлт мақтанышы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірбаяны, ғылым жолы, еңбектері туралы тың деректермен таныстырып, Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі, өмірдегі зор парасаттылығы мен адамгершілігін жас буынға үлгі ету туралы ойларымен бөлісті.