«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
17-04-2024 09:20
	«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжінде  Қарағанды қаласы мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.

Мақсаты:

- кәсіптік бағдар беру жұмысының алдын алу  нысандары үшін жағдай жасау;

Міндеттері:

-  IT бағыттары бойынша  жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру;

- мектеп оқушыларының кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын ұйымдастыру;

- мектеп оқушыларында кәсіптік қызметтің бастапқы дағдыларын қалыптастыру.

Чемпионатқа барлығы 12 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

- 1 орын - Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның оқушылары Хамитов Сүлеймен және Махмутов Саят;

- 2 орын - Абай атындағы гимназияның оқушылары Таджығали Райымбек және Раймбек Жасұлан;

-  3 орын - №36 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Рымбек Расул Нұржанұлы және Қалдыбеков Нұртуған.