«JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
16-04-2024 09:36
«JasSkills 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2024 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Қарағанды кәсіптік–техникалық колледжі» КМҚК базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында алғаш рет Қарағанды қаласының 9 сынып оқушылары арасында «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» өңірлік кәсіптік шеберлік чемпионаты өтті.

Байқау екі модульден тұрды: 1.  Инсталляция – «Менің мамандығым шаштараз» тақырыбындағы көлемді коллаж жасау; 2. Әйелдер шаш үлгісі. Қатысушылар лайықты өнер көрсетіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Саттарова Камила Ильхомжоновна, № 81 Жалпы білім беретін мектеп; 2 орын - Рымбаева Камила Болатовна, № 81 Жалпы білім беретін мектеп; 2 орын - Сиязбек Кәрім Азатқызы, №5 Қосымша білім беру мектеп-орталығы; 3 орын - Садвакасова Даянажановна, № 5 Қосымша білім беру мектеп-орталығы; 3 орын - Серік Арай Мақсатқызы, №5 Қосымша білім беру мектеп-орталығы.

Чемпионат жеңімпаздары дипломдармен марапатталды, қатысушылар сертификаттар алды. Колледждің әлеуметтік серіктесі және іс-шараның демеушісі «HAUTE COUTURE ESTEL CENTER KARAGANDA» Стиль мектебі жүлдегерлер мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.