АНОНС
24-04-2024 17:58

Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жыл 24 сәуір  сағат 08.00-де офлайн режимде «Заманауи білім беруде  Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» облыстық  панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңі өткізіледі.

Ақтық кезең қатысушылары:

І бағыт:  іріктеуден өткен 5 (бес) педагог  «Ең үздік сабақ»  жоспары бойынша ашық сабақтар береді.

ІІ бағыт: іріктеуден өткен 5 (бес) педагог панорамалық сабақтарын «Q talks»жобасы негізінде қорғайды.

Өткізілетін орны:  Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ  (Қарағанды қ., «Көгілдір тоған» ықшам ауданы)