2024 жылдың 26 сәуірінде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!»педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» V аймақтық слеті өтті.
Слетті ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту.
Слетке колледжге бекітілген Қарағанды облысының 8 жалпы білім беретін мектебі қатысты: Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылы «№20 орта мектебі» КММ, Шахтинск қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гиназиясы» КММ, Қарқаралы ауданы «Қ. Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебі (Ресурстық орталығы) жанындағы интернат» КММ, Абай қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ, Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ, Қарағанды қаласының «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Саран қаласының «№17 мектеп-гиназиясы» КММ, Абай ауданының «Жартас жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Слет үш кезеңнен тұрды:
- «Сәлеметсіз бе! Бұл біз!» көрсетілім алаңы, онда қатысушылар өз мектептерімен таныстырып, жүзеге асырылып жатқан педагогикалық сынып жобасы аясындағы іс-шаралармен таныстырды;
- «Қазынаны тап» зияткерлік ойыны - бұл квестте қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша тапсырмаларды орындады, өздерінің дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, спорттық дағдыларын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын тексерді;
- Қызығушылықтар алаңы. Мұнда әр мектептің өкілдері гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, спорттық бағыттар бойынша арттерапияға қатысып, кәсіби тест тапсырмалары мен спорттық жарыстарда өз қабілеттерін көрсетті.
Слеттегі жастардың белсенділігі, адалдығы мен зияткерлік деңгейін қазылар алқасы қатаң бақылап отырды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
- І орын - Теміртау қаласының «№9 лицейі» КММ;
- ІІ орын - Қарағанды қаласының «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- ІІІ орын - Қарқаралы ауданы «Қ. Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебі (Ресурстық орталығы) жанындағы интернат» КММ.
Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.