Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Абай оқулары» облыстық байқауы
26-04-2024 09:16
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Абай оқулары» облыстық байқауы

       2024 жылдың 26 сәуірінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен  Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылдарындағы білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында және Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай оқулары» дәстүрлі облыстық байқауы өтті.

Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен «Гуманитарлық» және «Техникалық» бағыттар бойынша  47 студент қатысты.

Байқау екі номинация  бойынша өтті:

 «Қазақта қара сөзге дес бермедім...» және  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар».

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Қазақта қара сөзге дес бермедім...» номинациясы бойынша гуманитарлық бағытта: 

1 орын – Кадыров Ануарбек Фахратдинулы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМҚК  студенті

2 орын – Мөлдір Кеңесбайқызы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» ҚМҚК студенті

3 орын – Сәкенова Ұлпан Қыдырбекқызы,  «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенті;

Техникалық бағытта:

1 орын – Қозы Төлеген, «Қарағанды  жоғары политехникалық колледжі» ҚМҚК студенті

2 орын – Тулеуова Аяулым Маратовна, «Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі» КМҚК студенті

3 орын – Марченко Светлана Алексеевна, «Саран техникалық колледжі» ҚМҚК студенті.

 

  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» номинациясы бойынша гуманитарлық бағытта

1 орын – Касымханов Айбек Бахтиярович, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті

2 орын – Аралбек Аңсар, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті

3 орын – Қанатқызы Алуа, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

Техникалық бағытта:

1 орын – Мұхамедяр Болат Уәлұлы, «Қазақмыс» корпорациясының  политехникалық колледжі» КМҚК студенті

2 орын – Айтмағанбет Саян Сайранұлы, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК студенті        

3 орын – Попов Владимир Константинович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.

Байқауда Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінің студенті  Тулеуова Аяулым Маратовна Абайдың 45 қара сөзінің 27 сөзін жатқа білетіндігімен көзге түссе, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Қозы Төлеген жоғары мәнерлеп оқу шеберлігі өнерімен таң қалдырды. Әділқазы алқасының мүшесі Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Нұрхан Нұрмаханов өз сөзінде байқаудың деңейінің жоғарылығын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.