Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығын іске асыру аясында 2024 жылғы 24 сәуірде «Мұрагер» мамандандырылған мектеп - лицей-интернаты» КММ базасында жұмыс тәжірибесімен бөлісу семинарын өткізді. Семинар барысында ҚО ББД ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой «Оқырман сауаттылығы - функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдысы» тақырыбында сөз сөйледі. «Мұрагер» ММЛИ» КММ директоры Нұрғазы Ғазизович Утебаев мектепте оқушылардың оқу сауаттылығы мен оқу қызығушылығын арттыру әдістері туралы айтып берді. Жамиля Рахметуллиновна Ибадельдаева «Буктрейлер - кітапты дәріптеу құралы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі. Юлия Борисовна Стожарова бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, коллаждарды, оқырман күнделіктерін қолдану туралы айтып берді. Дана Жайковна Жакупбекова оқушылармен бірге ғылыми жобалар және «PBL» - «Игі істер жасауға асығыңыздар» бағытында өз қызметін көрсетті. Ағылшын тілі мұғалімі Алмагүл Бакитовна Испулаева оқушылармен бірге «Өзіңді көрсетудің жүз және бір жолы» тақырыбында «TED TALKS» форматында жарыс өткізді. Іс-шара сахналық қойылыммен және әдеби-поэтикалық флешмобпен аяқталды. Семинарға қатысушылар пайдалы ақпарат алып, баяндамалардың қызықты мазмұнын, оқушылардың тамаша дайындығын және өткізілген кездесудің жылы ахуалын атап өтті.
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар