«Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study»
29-04-2024 16:33
«Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study»

      2024 жылғы 29 сәуір айында Бұқаржырау ауданының «Ахмет  Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ»  Қарағанды облысы  ББД ОӘО басшылығымен «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру»  Жол картасы және «Мұғалімнің тәжірибесінде «Lesson Study» облыстық жобасын іске асыру аясында «Қала және ауыл мектептерінің ынтымақтастығында «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізудің тиімді әдістері мен тәсілдерін іздеу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: «қала-ауыл» форматында мектептердің ынтымақтастығы арқылы «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізубойынша тәжірибе алмасу.

Семинарға Қарағанды облысының білім беру округінен: Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарынан және Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназия», «№ 17 ЖББМ» мұғалімдері қатысты.

Бұқаржырау ауданының «А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ" КММ директоры Шунгулов А., Қарағанды облысында  ББД ОӘО ғылымды дамыту  бөлім меңгерушісі Д.А. Суртубаева және Туртбаева Б.Т., Бұқаржырау аудандық ББО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі құттықтау сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар «Сабақты зерттеу» тәсілің жүзеге асырыу  бойынша жұмыс тәжірибесімен танысты.   

Семинар аясында практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды: мұғалімдерінің сабақтарын бақылау. Сабақтан кейін сыртқы сарапшылар зерттеу топтарына қажетті ұсыныстарды талқылау барысында берді.

Жұмыс парақтарын әзірлеу, деректерді жинаудың өзекті мәселелері бойынша төрт мастер-класс мазмұнды болды. Зерттеуші мұғалімдер «Біздің тарих» атты іс-шарада  тәрбие мәселелері бойынша зерттеуді бастау үшін идеялар жинақтады.

Семинар сонында Қарағанды облысында ББД ОӘО  басшысы Б.Х. Адикерова және Қ.Т. Оспанова Бұқаржырау аудандық білім басқармасының басшысы «А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ» және  «Шәкәрім атындағы гимназия» мұғалімдеріне «Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study»  озық тәжірибені таратқан үшін алғыс хаттар табыс етті .  

Семинардың аяғында сауалнама жүргізілді. Онда барлық қатысушылар өткізілген семинардың өзектілігін және осындай форматтағы іс-шараларды жалғастыруды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.