Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
2024 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтерімен «Педагогтерге эмоциялық күйзеліс кезінде көмек көрсету»тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.
Отырыс барысында педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары талқыланды. Қатысушылар мұғалімдердің эмоционалды күйзеліс деңгейін зерттеу нәтижелерімен танысып, жүйке жүйесіне түсетін ауырлықты жеңілдету жаттығулары мен ертегі терапиясы әдісін іс жүзінде қолданды.