«Шығармашыл кітапханашы-2024» облыстық байқауы
30-04-2024 17:53
«Шығармашыл кітапханашы-2024»  облыстық байқауы

      2024 жылдың 30 сәуірінде облыстық оқу-әдістемелік орталығы Теміртау қаласының «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Шығармашыл кітапханашы-2024» облыстық байқауын өткізді.

Байқау аясында қонақтар мен қітапханашыларды мектептің тыныс-тіршілігімен, медиа және коворкинг орталықтарының қызметімен таныстырылып, мектеп оқушыларымен ТЕDх форматында «Оқуға ұмтыл», «Книга и Я», «My book – my wings» тақырыптарында үш тілде оқылған шығармалары талданды.

Теміртау қаласы білім беру ұйымдары кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобаларын жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.

І орын – Скрепелева Галина Михайловна, Бұқар жырау ауданының «Сарытөбе негізгі орта мектебі» КММ кітапханашысы.

ІІ орын – Косолапова Римма Раисовна, Теміртау қаласының «Қыздар гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі.

ІІ орын – Шулежко Татьяна Владимировна, Қарағанды қаласының «№25 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы.

III орын – Лозовая Фрида Валерьевна, Абай ауданының «Самарқа жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі.

III орын – Сухова Вера Ивановна, Теміртау қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі.

Алғыс хатпен:

- Кәріп Жұлдыз Сейфоллақызы, Шет ауданының «Бұрма тірек мектебі (РО)» КММ кітапханашысы;

- Зайберт Валентина Александровна, Теміртау қаласының «№14 мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Рахимкулова Гулжан Амантаевна, Қарағанды қаласының «№65 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Дроздова Татьяна Анатольевна, Қарағанды қаласының «№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Башарова Гульнар Тайкеновна, Балқаш қаласының «Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі;

- Каукербекова Райхан Сатибековна, Балқаш қаласының «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ, кітапхана меңгерушісі;

- Хлудеева Любовь Дмитриевна, Осакаров ауданының «№15 тірек мектебі» КММ кітапханашысы.

Байқау ЖЕҢІМПАЗДАРЫН құттықтаймыз!