Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін талдау
2024 жылдың 29 сәуір күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі ұстаздары мен жас педагогтері арасында «TalkLike» жобасы негізінде Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін талдау өтті.
Талдауға Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарының тәжірибелі ұстаздары мен жас мамандары қатысты.
«Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектеп (РО) жанындағы интернаты» КММ мұғалімі Исина Гүлден Асылханкызы жас педагогтерге көмек ретінде әдебиет пәнінен «Оқырман күнделігі» құралын ұсынды.