2024 жылдың 10 мамырындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мұражай жұмыстарына жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдары директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен мұражайға жауапты педагогтерге «Мұражайдағы сабақ» жобасы аясында«Балаларды патриоттық тәрбиелеу жүйесіндегі мектеп мұражайының рөлі»тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері Оналхан Дәриға Төлеуханқызы мен педагогтері Естефеева Елена Викторовна, «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ тарих пәні мұғалімі, Головина Светлана Алексеевна, «Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ директорының тәрбие жұмысы орынбасары, тарих пәні мұғалімі, Толков Борис Викторович, «№24 ЖББМ» КММ аға тәлімгері, Монжосов Евгений Николаевич, «№32 негізгі орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі қатысты.
Қатысушылар тарихи – өлкетану мұражайларының жұмыс істеу әдістерімен таныстырып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.