Размер шрифта:
«Музыканы оқыту» құзыреті бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы
14-05-2024 10:30
«Музыканы оқыту» құзыреті бойынша  «Worldskills Karaganda-2024»  өңірлік чемпионатының ашылуы

      2024 жылдың 14 мамырында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Музыканы оқыту» құзыреті бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – музыка мұғалімі мамандығының беделін арттыру, оның  ерекшелігін көрсету.

Байқауға 5 колледжден 5 студент қатысады:

1.         «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

2.         «Алихан Мусин атындағы Балқаш  гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

3.         «Bolashag» Қарағанды жоғары колледжі» КМҚК;

4.         «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК;

5.         «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тартылып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау өткізілді.

Бас сарапшы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Аханова Алма Галямовна бағалау критерийлері мен ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.