2024 жылдың 14 мамырында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің базасында «Музыканы оқыту» құзыреті бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – музыка мұғалімі мамандығының беделін арттыру, оның ерекшелігін көрсету.
Байқауға 5 колледжден 5 студент қатысады:
1. «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
2. «Алихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;
3. «Bolashag» Қарағанды жоғары колледжі» КМҚК;
4. «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК;
5. «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК.
Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тартылып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау өткізілді.
Бас сарапшы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Аханова Алма Галямовна бағалау критерийлері мен ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.