WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУЫ
15-05-2024 17:45
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУЫ

      2024 жылдың 15 мамырында Қарағанды технология және сервис  колледжінің базасында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Karaganda-2024 аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Чемпионатқа 5 колледжден 5 студент қатысты: «Қарағанды технология және сервис  колледжі» ҚМҚК, «Саран техникалық колледжі» ҚМҚК,  «Темиртау индустриялды - технологиялық колледжі» ҚМҚК, «Сервис колледжі» ЖММ,  «Қарағанды сән колледжі» ЖММ.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, жұмыс орнын дайындау, қатысушыларды конкурстық тапсырмалармен таныстыру өткізілді.