«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
15-05-2024 17:53
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

       2024 жылдың 15 мамырында Қарағанды теміржол колледжінің базасында «Теміржол көлігі технологиясы», «Жүктерді экспедициялау», «Локомотивті басқару» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының екінші күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.