«Музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» аймақтық чемпионаты
16-05-2024 12:58
«Музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» аймақтық чемпионаты

      2024 жылдың 16 мамырында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионатының үшінші күні өтті.

Чемпионат бағдарламасына сәйкес 3 модуль өткізілді: шулы оркестр, музыкалық викторина, ән айту «А' сареlla».

Шулы оркестр – қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде шулы аспаптар тобымен ырғақты аранжировка жасады.

Музыкалық викторина – қатысушылардың қазақ және әлемдік музыкалық әдебиет циклінің шығармаларын білу бағаланды.

«А' сареlla» – қатысушылардың белгілі бір уақыт ішінде таңдалған қазақ әнін «А'сареlla» жанрында (сүйемелдеусіз) айта білуі тыңдалды.

Күннің соңында мерекелік концертпен чемпионаттың салтанатты жабылуы өтті және қатысқаны үшін қатысушыларға сертификаттар табысталды.