«Қарағанды обласында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының» бастамасы мен «Қарағанды обласының мектепке дейінгі қызметкерлер қауымдастығының» жоспары бойынша, 2024 жылдың 16 мамырында Теміртау қаласының «Ұяша» бөбекжайында Осакаров ауданы мен Теміртау қаласының «Ақтілек» бөбекжайы бірлесе отырып, «Ойын технологияларын пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында жас мамандарға арналған семинар-практикум өткізді.
Қарағанды обласының ББД ОӘО-ның әдіскері А.Д. Бугубаевның жетекшілігімен семинар-практикумға Шет, Бұхар-Жырау, Нуринск, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Абай райондарының және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Темиртау, Балхаш, Приозерск қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты: білім беру процесінде ойын технологияларын қолдана отырып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру; ұлттық құндылықтар негізінде шығармашылық әлеуеттін дамыту.
Шеберлік сыныптың мақсаты – жас мамандарды жүйелі түрде білімін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттыруға тарту, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытудағы педагогикалық құзыреттілігін арттыруда нақты әдістемелік көмек көрсету.
Семинарды Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бугубаева Алмагуль Данияровна ашты.
Семинар-практикум Meet up формасында өткізілді. Семинар барысында жас мамандар командада бірлесіп жұмыс істеуді, сондай-ақ ортақ мақсаттарын біріктіре білуді үйренді.
Семинар қатысушылары семинар бағдарламасымен таныса отырып, нәтижелі жұмыс үшін 4 кіші топқа бөлінді. Шеберлік сынып барысында жас мамандарымыз мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бойынша ойын технологияларымен таныса білді. Атап айтар болсақ, «Ғажайып белдемше» ұлттық құндылықтары бойынша ойын жинақтары, үстел үсті ойындары, «POPUP BOOKS» технологиясы, еден ойындарының технологиясы, «SOFT SKILLS» арқылы қазақ халқының мәдениетімен танысуға бағытталған дәстүрлі емес дидактикалық ойындары ұсынылды. Семинар қатысушылары ұсынылған ойындармен ойнап көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ «Ұяша» бөбекжайының педагогтері семинар қатысушыларына ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған ойын құралдарының көрмесін ұсынды.
Теміртау қаласында өткізілген семинар-практикумға Теміртау қаласының «Ұяша» бөбекжайы», «Ақтілек» бөбекжайы», «Әдемі» балабақшасы, «Айгөлек» балабақшасы» және Осакаров ауданының «Балдырған» бөбекжайы» қатысты.
Семинар соңында «Достық картасы» ашық микрофон түрінде рефлексия өткізілді. Семинардың қорытындысын Қарағанды облысының «Өркен» мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтары қауымдастығының төрағасы Сүлейменова Ләззат Қуанышовна қорытындылады.
Осылайша, жас мамандар семинарда көп нәрсені үйренді және бұл тәжірибе оларға әрі қарайғы жұмыста көмектеседі деп сенеміз. Ал жас мамандар алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады, бұл жас ұрпақтың сапалы білім алуына, білімін арттыруға ықпал етеді.
Педагогтар семинарда өздері үшін пайдалы ақпаратты жоғары бағалады, Теміртау қаласы мен Оскаров ауданының балабақшалары жұмысының тәжірибесін педагогикалық қызметінде мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтарын дамыту үшін ойын технологияларын өз қызметінде пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.