Размер шрифта:
Республикалық «Менің бауырым» және «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобалары аясындағы «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция
16-05-2024 15:30
Республикалық  «Менің бауырым»  және  «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып  бейіндік жобалары  аясындағы «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

2024 жылдың 16 мамырында«Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен  Қарағанды  жоғары  гуманитарлық  колледжінде республикалық  «Менің бауырым»  және  «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып  бейіндік жобалары  аясында   қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің  туғанына 130 жыл толуына орай мектеп  оқушылары арасында «Өнегелі өмір» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: қазақ  әдебиеті тарихында өздерінің қолтаңбасын қалдырып, өр тұлғасын танытқан үш бәйтерек – үш ғұмыр – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің биік өресін,  шығармашылық қырын, өнерпаздық келбетін, парасаттылық болмыс-бітімін, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын таным таразысына салып зерделеу, зерттеу. Білім алушылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануын қалыптастыру.

Конференцияға Қарағанды қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия, С.Сейфуллин атындағы гимназия, №3 гимназия және Бұқар жырау ауданы, Нұра ауданы, Осакаров ауданы мектептері оқушылары, колледж студенттері қатысты.

Пленарлық отырысты Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорыБ.Х. Абдикерова ашып, «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» тақырыбында баяндама жасады.Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Д.К.Исатаев, Қарағанды  облысында білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А.А.Кнашина,академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторыЖ.Қ.Смағұлов, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Қ.Акаева және осы мектептің оқушысыА.Ахынбек, колледж студенті Т.Амантаева сөз алды.

Конференция жұмысы үш бағыт бойынша жүрді:

       1-бағыт «Өлең сөздің гауһар тастай дарасы»  (С.Сейфуллиннің ақындық, жазушылық қыры, зерттеушілік ізденісі, азаматтық, қайраткерлік бейнесі, өнерпаздық тұлғасы, поэзиядағы жаңашылдығы туралы);

       2-бағыт «Қазақты сұлу жырға қанық еттің» (І.Жансүгіровтің үлкен парасат иесі екендігі, қоғамдық-әдеби қызметі, шығармаларының идеялық-көркемдік сипаты, өмір шындығы туралы);

       3-бағыт «Бір ғажап сиқыр күш бар тіліңде ойнар»(Б.Майлиннің қаламгерлік, суреткерлік, шеберлік қарымы, дала жырларының өзіндік ерекшеліктері, драмалық шығармалары жөнінде).

Конференцияға қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге электронды материалдар  жинағы  және  сертификаттар  берілді.