Размер шрифта:
«Жас музыкант» облыстық байқауы
21-05-2024 15:31
«Жас музыкант» облыстық байқауы

2024 жылдың 21 мамырында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында  «Жас музыкант» облыстық байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту.

Байқауға жоба аясында колледжге бекітілген Қарағанды облысының 5 жалпы білім беретін мектебі қатысты: Нұра ауданынан «Нұра жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ; Осакаров ауданынан «№ 6 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ.

Байқауға 7 білім алушы қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:

1. Аспаптық жанр (кез-келген музыкалық аспапта ойнау).  Орындаушының қалауымен бір шығарма.

2. Кез-келген музыкалық аспапта өз сүйемелдеуімен ән айту. Бір шығарма.

3. «Минус»-пен ән айту. Бір шығарма.

4. а, капелла (сүйемелдеусіз ән айту). Бір шығарма.

Құзыретті қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар аңықталды:

«Аспаптық жанр»номинациясы:

1 орын – кандидатура болмады;

2 орын – Хамзе Томирис (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна),   Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын  -  Қашкенбай Нұрлан   (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна),   Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ.

«Минус» - пен ән айту»номинациясы:

1 орын – Төленді Мирас (жетекшісі Әзімұлы Нұрсұлтан), Осакаров ауданы, «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ;

2 орын – Зарлық Мадина (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна),    Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын  -  Қабылқызы Аружан (жетекшісі Тусупбекова Гульмира Советовна), Осакаров ауданы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.