2024 жылдың 21 мамырында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында «Жас музыкант» облыстық байқауы өтті.
Байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту.
Байқауға жоба аясында колледжге бекітілген Қарағанды облысының 5 жалпы білім беретін мектебі қатысты: Нұра ауданынан «Нұра жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ; Осакаров ауданынан «№ 6 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ.
Байқауға 7 білім алушы қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
1. Аспаптық жанр (кез-келген музыкалық аспапта ойнау). Орындаушының қалауымен бір шығарма.
2. Кез-келген музыкалық аспапта өз сүйемелдеуімен ән айту. Бір шығарма.
3. «Минус»-пен ән айту. Бір шығарма.
4. а, капелла (сүйемелдеусіз ән айту). Бір шығарма.
Құзыретті қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар аңықталды:
«Аспаптық жанр»номинациясы:
1 орын – кандидатура болмады;
2 орын – Хамзе Томирис (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна), Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын - Қашкенбай Нұрлан (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна), Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ.
«Минус» - пен ән айту»номинациясы:
1 орын – Төленді Мирас (жетекшісі Әзімұлы Нұрсұлтан), Осакаров ауданы, «Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ;
2 орын – Зарлық Мадина (жетекшісі Жармаганбетова Акмарал Сагынаевна), Нұра ауданы, «Қарой жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын - Қабылқызы Аружан (жетекшісі Тусупбекова Гульмира Советовна), Осакаров ауданы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.