WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
20-05-2024 17:46
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 20 мамырында Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында WorldSkills Karaganda-2024 өңірлік чемпионатының бесінші күнінде «Флористика», «Плиткамен қаптау», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттіліктері бойынша жарыстар басталды.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама беру, тулбокстарды талдау, жұмыс орындарын қабылдау актісін жасау, жұмыс орнын дайындау, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі өткізілді.