«Мобильді робототехника», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы
20-05-2024 17:57
«Мобильді робототехника», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы

2024 жылғы 20 мамырда «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖМ базасында «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының «Мобильді робототехника», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионатқа 7 колледжден 9 студент қатысады:

1.      «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

2.      «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

3.      «Агротехникалық колледж» КМҚК;

4.      «Ж. Қ. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖМ;

5.      «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК;

6.      «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖМ;

7.      «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖМ.

          «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжімен жолдастық кездесу өтеді.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, жұмыс орындарымен танысу, toolbox тексеру, қатысушыларды конкурстық тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен таныстыру өткізілді.