«Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы, «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша
20-05-2024 18:00
«Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы, «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша

2024 жылдың 20 мамырында Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі базасында «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионатқа 5 колледжден 5 студент қатысты: Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Теміртау техникалық колледжі, Теміртау политехникалық колледжі, Сән колледжі, Қарағанды жоғары колледжі «Bolashag». Бұл құзыреттілік бойынша Теміртау жоғары политехникалық колледжінің, Теміртау техникалық колледжінің, Қарағанды жоғары «Bolashag» колледжінің студенттері алғаш рет қатысып отыр.

Бағдарламаға сәйкес жереби өткізу және ұсыну, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқама беру, сарапшылар арасында тестілеу, жұмыс орындарымен, жабдықтармен танысу, қатысушыларды конкурстық тапсырмалармен және нормативтік құжаттамамен таныстыру өткізілді.