WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
20-05-2024 10:33
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

20.05.2024 «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Бизнеске арналған ІТ-шешімдер», «Зертханалық және химиялық талдау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» құзыреттері бойынша колледж студенттері арасында өңірлік кәсіби шеберлік Worldskills Karaganda чемпионаты басталды. Бұл күні сарапшыларды тіркеу, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық және сарапшыларды тестілеу өткізілді. Сондай-ақ сарапшылар конкурстық алаңмен, бағалау тапсырмаларымен және критерийлерімен танысты, сонымен қатар жабдықтарды баптау жүргізілді.