WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
21-05-2024 09:43
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК  ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 21 мамырында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттері бойынша WorldSkills Karaganda-2024  өңірлік чемпионатының үшінші күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды, нәтижелерді CIS базасына енгізуді жүргізді.