Размер шрифта:
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
21-05-2024 10:57
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

2024жылдың 21 мамырындаҚарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында «Флористика», «Плиткамен қаптау», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика»құзыреттіліктерібойынша WorldSkills Karaganda-2024өңірлікчемпионатының алтыншы күні өткізілді.

Облыс колледждерінің қатысушыларынан басқа, конкурстан тыс қонақтар ретінде басқа өңірлердің қатысушылары қатысып жатыр: Қызылорда облысының өкілдері–Абылай хан атындағы жоғары колледжінің студенті А. Р. Амангелдиев өзінің сарапшы– компатриот А. М. Кішкенеевпен «Плиткамен қаптау»құзыреттілігі бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясының өкілдері-Ресей университетінің қазан кооператив институтының студенті Е. А. Жилцовасарапшы-компатриотыВ. Г. Сафинамен «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысында сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырмаларды бағалауды жүргізді.