Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысы шығарылды
23-05-2024 20:39
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысы шығарылды

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысын шығарды. Байқау орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 17 шығармашылық жұмыстары қаралды. Мұғалімдерге оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша онлайн оқыту сабағын дайындау қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың сабақтың жарияланған тақырыбына сәйкестігі; сабақтың тақырыбын ашудың толықтығы, мұғалімнің сабақ мақсаттарына жетуі; оқытудың белсенді әдістері-тәсілдерін қолдану; инновациялық технологияларды пайдалану; дизайн және түсіру сапасы; өзіндік ерекшелігі; шығармашылық даралықтың көрінісі; материалды кеңінен қолдану мүмкіндігі.

Келесі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері байқаудың жеңімпаздары атанды:

I орын- Цемох Светлана Михайловна, Қарағанды облысының «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

II орын– Аубакирова Гаухар Задиновна, Нұра ауданының «Ы.Алтынсарин атындағы ЖБ (ТО) КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

III орын– Калибекова Раушан Оралбаевна, Балқаш қаласының «Әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Алғыс хаттармен келесі мұғалімдер марапатталды:

Лось Татьяна Николаевна, Балқаш қаласының «№ 1 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

Серикова Салтанат Мухамедияновна, Нұра ауданының «Р.Асубаев атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

Ахмет Гүлжан Кәдікенқызы, Қарағанды облысының «Бұрма тірек мектебі (ТМ) КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!