Размер шрифта:
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды
22-05-2024 08:44
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 22 мамырда жас педагогтарға арналған «Табыс симфониясы» байқауының соңғы кезеңдерін өткізді. Орыс тілі мен әдебиетінің жас педагогтары өткізілген сабақтар сериясымен таныстырды, сондай-ақ пән, нормативтік-құқықтық құжаттама, методикалық әдістер  және эрудиция мәселелері бойынша сұрақтарды қамтитын зияткерлік конкурс сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті.

 

Байқау жеңімпаздары келесі қатысушылар болды:

1 орын -  Жаманова Айша Булатовна, Теміртау қаласының «№ 20 МЛ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

2 орын - Булкина Ангелина Евгеньевна, Шахтинск қаласының «№ 7 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

 2 орын -   Сарсенбаева Айгерим Жұмабайқызы, Бұхар-Жырау ауданының «Көкпекті ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

3 орын - Абилова Анар Болатовна, Теміртау қаласының «№ 24 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

3 орын - Турсынова Нуржұлдыз Бауыржановна,  Теміртау қаласының «Абай атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!