Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 22 мамырда жас педагогтарға арналған «Табыс симфониясы» байқауының соңғы кезеңдерін өткізді. Орыс тілі мен әдебиетінің жас педагогтары өткізілген сабақтар сериясымен таныстырды, сондай-ақ пән, нормативтік-құқықтық құжаттама, методикалық әдістер және эрудиция мәселелері бойынша сұрақтарды қамтитын зияткерлік конкурс сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті.
Байқау жеңімпаздары келесі қатысушылар болды:
1 орын - Жаманова Айша Булатовна, Теміртау қаласының «№ 20 МЛ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
2 орын - Булкина Ангелина Евгеньевна, Шахтинск қаласының «№ 7 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
2 орын - Сарсенбаева Айгерим Жұмабайқызы, Бұхар-Жырау ауданының «Көкпекті ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
3 орын - Абилова Анар Болатовна, Теміртау қаласының «№ 24 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
3 орын - Турсынова Нуржұлдыз Бауыржановна, Теміртау қаласының «Абай атындағы ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!