«1000 мектеп» республикалық жобасының қорытындылары бойынша әдістемелік күн
27-05-2024 19:09
«1000 мектеп» республикалық жобасының қорытындылары бойынша әдістемелік күн

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 27 мамырда «1000 мектеп» республикалық жобасын іске асыру қорытындысы бойынша әдістемелік күн өткізді.

    Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылғы тамыздан бастап «1000 мектеп» жобасын іске асырды. Бұл жобаға облысымыздан 70 мектеп енді. Аталған мектептерге атаулы әдiстемелiк көмек көрсету және барлық жұмысты үйлестiру үшiн бiлiм бөлiмдерi мен оқу-әдiстемелiк орталығының әдiскерлерiнен 10 ментор бекiтiлдi.

     Әдістемелік күнде Қазақстан Республикасы Білім министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету қызметі төрағасының орынбасары М.Т.Мелдебекова бейнеүндеу жасады.

    2023-2024 оқу жылында жобаны іске асыру аясында ауқымды жұмыс атқарылды, онлайн және офлайн форматтарда әдістемелік күндер, семинарлар мен конференциялар өткізілді, Білім басқармасымен бірлесіп Қарағанды облысының өңірлеріне әдістемелік десант ұйымдастырылды, бұл білім беру ұйымдарында бақылауды неғұрлым сапалы ұйымдастыруға ықпал. Бүгінгі жұмыс барысында «1000 мектеп» жобасын іске асыру қорытындыланып, қатысушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, өздерінің әдістемелік өнімдерінің тұсаукесерін өткізді және алдағы жұмыс перспективаларын айқындады.   

    Семинар қорытындысы бойынша «1000 мектепке әдістемелік көмек» жобасына енгізілген 70 мектеп пен менторларға Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Н.Дәуеновтың сертификаттары табыс етілді.