Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қалыптастыру тәжірибесі мен мәселелері» тақырыбындағы облыстық семинар-диссеминация
30-05-2024 17:15
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қалыптастыру тәжірибесі мен мәселелері» тақырыбындағы облыстық семинар-диссеминация

      2024 жылдың 30 мамырында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» бағыты бойынша оң (озық) педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қалыптастыру тәжірибесі мен мәселелері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар-диссеминация өткізілді.

Семинардың басында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна «Жаңа ұрпақтың білімі. Жастардың кәсіпкерлік ойлауын қалыптастыру қаншалықты маңызды»тақырыбында сөз сөйледі.

Әрі қарай, бекітілген бағдарламаға сәйкес, колледждердің келесі педагогтері осы бағыттағы жұмыс тәжірибесін ұсынды:

- Токмагамбетова Асем Амандыковна, «Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ экономикалық пәндер оқытушысы, колледж студенттік кеңесінің басшысы;

- Можанина Наталья Евгеньевна, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, бизнес мектебінің басшысы;

- Алибаева Марина Сергеевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, есепке алу-экономикалық пәндер оқытушысы.

Семинар қорытындысында семинар қорытындысы шығарылды, ұсыныстар берілді.

ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің экономикалық пәндерінің 32 оқытушысы қатысты.