2024 жылдың 3 маусым күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарына арналған «Сиқырлы тақ» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша Форум болып өтті.
Форум шахмат ойыны арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, сондай ақ ойын іс-әрекетіндегі зерттеу тәжірибесін дамыту мақсатында өткізілді.
Форум аясында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Бабалар дәстүрін жаңғырту», «Мектепке дейінгі ұйымның инновациялық оқу-тәрбие процесінде шахматтың шығармашылық әлеуеті», «Білімді қалыптастырудағы IT қадам» «Сиқырлы тақта» жобасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдылары», «Ойлауды және әрекет етуге үйретеміз: «Сиқырлы тақта» жобасы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық сауаттылығының алғышарттарын дамыту», «Жетістікке жетудің PRO формуласы: отбасы + балабақша «Сиқырлы тақта» облыстық жобасын жүзеге асыруда» атты пікірталас алаңдары жұмыс жасады.
Сағат 13.00 де өткізілген пленарлық отырыста әрбір алаң өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салды.
Форум жұмысында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» құзіреттілігі бойынша колледж қызметкерлері қатысты.
Форумға Қарағанды облысының мектепке дейінгі мекемелерінен 200 ден аса педагог қатысты.
Форум соңында облыстық «Сиқырлы тақта» жобасын жүзеге асыру бойынша педагогтерді марапаттау өткізілді.