Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Жазғы мектеп жұмысы
14-06-2024 15:55
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Жазғы мектеп жұмысы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, бастауыш сынып оқушыларының логикалық, шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында 2024 жылдың маусым айының 11, 12, 13 күндері Жазғы мектеп ұйымдастырды. Жазғы мектеп барысында «Логика күні» жобасына қатысқан педагогтар өздерінің жұмыс тәжірибелерін көрсетті, барлығы 56 шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақтарда логикалық тапсырмалардың ресми және бейресми шешу түрлеріне тоқталып, шешеу жолдары ұсынылды. Әр шеберлік сабақтың өту формасы да ерекше болды. Облысымыздың ауыл/қалаларынан жиналған 155 педагог білім алды.

Жазғы мектептің екінші күні таза ауада «Бекеттерге саяхат» ойыны арқылы өтті, онда практикалық бөлім өткізілді, қатысушыларға маршруттық парақтар берілді, оған сәйкес «Спорт, логика, лайк», «Қырағылар», «Әдеби квест», «Тимбилдинг», «Интеллект», «Logic bowl», «Математический театр», «Толағай» бекеттеріндегі «Кім епті», «Зейінді бол!», «Теңіздегі шайқас», «Сәйкесін тап», «Кім жылдам?», «Жұбыңды тап», «Лабиринт», «Кім епті?», «Кім қырағы?», «Шар мен таяқ, «Табиғаттағы дойбы» ойындарын ойнап берілген тапсырмаларды орындап ұпай жинады. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар өздерінің креативтілігін, ұйымшылдығын, топта жұмыс жасау ерекшеліктерін көрсетті. Ашық ауада өткізілген көңілді және танымдық іс-шарадан кейін ФЛЕШМОБ ұйымдастырылды.

Жазғы мектептің келесі бөлімінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, тіл жанашыры, балалар әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгер Жақан Жұпар Рысқұлқызының «Чипси және шибауырсақ» жинағының тұсаукесері өтті. ТұсаукесергеЕ.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., кафедра меңгерушісі Рахымберлина Сағила Әбдіғалиқызы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Жастар әлемі» журналының редакторы Шөменова Гүлнара қатысты.

Сонымен қоса облыс көлемінде авторлық бағдарламалардың презентациясы өтті. Яғни бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, авторлық әзірлемелерді дайындау барысында облыс көлемінде бекітілген жұмыстарын қорғалды. Саран қаласы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Ольга Николаевна «Учимся думать» функционалдық сауаттылық тапсырмалар жинағын, Қарағанды қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімдері Тусенова Маржанкул Казыкеновна, Смагулова Нурхан Канатбековна, Сатанова Айнур Ракимжановна, Абугалиева Самал Нуртаевна 1-4 сыныптарға арналған «Мәтінді түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру» оқу-әдістемелік кешені мен «Саналы оқу» оқушы дәптерінің презентациясын  «Абай атындағы мектеп-гимназия» КММ, бастауыш сынып мұғалімдері Есенжолова Нақып Кокенаевна, Рахимжанова Ғибрат Кадировна «Алтын жебе» логикалық тапсырмалар жинағын педагогтермен бөлісті.

Үш күнге созылған Жазғы мектеп жұмысы аясында өткен Мағжан Жұмабаев атындағы «Білім шыңы» олимпиадасының қорытындысы жасалды. Нәтижесінде келесі мұғалімдер озып шығып, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Бас жүлде - Рахманова Меруерт Жаскадировна, Саран қаласы «ЖББ №16 мектеп» КММ

1 орын - Стамбекова Шынар Данагуловна Балқаш   қаласы «Абай атындағы №2 лицей» КММ, Толендина Гульмира Тиыштыковна  Қарқаралы «ЖББ №20» КММ, Қашымбекова Риза Куанышбековна Балқаш «№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Сиренко Светлана Федоровна Теміртау  «№14 мектеп-лицей» КММ.

2 орын - Хуатай Сайрагуль   Қарқаралы «ЖББ №4» КММ, Біләл Наздана Жаңабекқызы      Балқаш «Михаил Русаков атындағы мектеп –интернаты» КММ, Қанатбекова Аяулым Қанатбекқызы Балқаш   «Әлихан Бөкейханов атындағы №15мектеп-лицей» КММ, Осташкова Ульяна Сергеевна   Теміртау «Қыздар гимназиясы» КММ, Соболева Жанна Викторовна Теміртау «Т.Әубәкіров атындағы гимназия» ЖММ, Серченя Ольга Николаевна Осакаров «Сатбаев атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, Тәңірберген Зәуреш Тәңірбергенқызы      Приозерск«№2жалпы білім беретін мектебі» КММ, Нефедьева Елена БорисовнаКараганда  КГУ «ОШ№59», Немова Эвелина Евгеньевна         Теміртау    «ЖББ №24 мектеп» КММ, Махабаева Айгуль Бауржановна      Шет          «Ю.Гагарин атындағы МЛ» КММ.

3 орын - Орунбай Бибігүл Амангелдіқызы      Балқаш «Әлихан Бөкейханов атындағы №15мектеп-лицей» КММ, Абильдинова Саягуль Култаевна      Балқаш  «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, Оракбаева Маржан Куандыковна  Қарағанды «№82 ЖББМ» КММ, Мухамеджанова Айгерим Кыдырбаевна  Қарқаралы «ЖББ № 21» КММ, Кульмаганбет Айнур Канаткызы       Шахтинск  «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ,  Шарзадина Индира Толеутайевна Ақтоғай «Ж.Кеңесбаев атындағы ЖББ мектеп» КММ,  Ахметжанова Нургуль ЗекенкызыШет          «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)»  КММ, Шакенова Алтынай Секербаевна        Шет «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия» КММ, Голова Инна АлексеевнаҚарағанды «ОШ № 60» КММ, Ливинец Наталья Петровна        Қарағанды «№74 ЖББМ» КММ,  Шелест Елена Владимировна         Қарағанды «Г.Потанина ОМ» КММ, Айтжанова Жансая Нурмаганбетовна   Қарағанды «М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ, Прочина Ольга Викторовна          Теміртау    «ЖББ №31 мектеп» КММ, Такуова Екатерина Алексеевна      Теміртау    «ЖББ №19 мектеп» КММ, Жолдыбек Ажар Жолдыбекқызы  Ақтоғай «Ә.Бөкейхан атындағы тм(ро)» КММ