«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерімен отырыс
18-06-2024 12:56
«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерімен отырыс

  2024 жылдың 18 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерімен отырыс өткізді.

  Отырыс барысында техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. педагогтерді «Үздік педагог» атағын беру қағидаларымен, «Үздік педагог» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерімен таныстырып, ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

  Отырысқа «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер болып табылатын облыс колледждерінің 13 педагогы қатысты.