Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Тамыз кеңесінің секциялық отырысы
14-08-2024 18:47
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  Тамыз кеңесінің секциялық отырысы

  2024 жыл  14 тамыз Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің «Білім беруді цифрландыру: заман талабы мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы болып өтті.

   «Сапалы білім-Саналы ұрпақ-Табысты ұлт» тақырыбымен өткен секциялық отырыстың мақсаты: педагогтерге білім сапасын арттырудың нақты жағдайларын талқылау үшін диалог алаңын ұйымдастырып, пәнді оқытудағы цифрлық  жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша тәжірибе тарату.

    Қарағанды қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ  қабырғасында өткен секциялық отырыс «Ұлы даланың ұлы ұстазы» тақырыбындағы тақырыптық көрмемен басталды. Мектептегі STEM laboratoriaның жетекшісі жас педагог, химия пәнінің мұғалімі Темиров Данияр Ерболович  гуманитарлық пәндерді оқытуда  STEM технологиясының оқушылардың сыни, әрі креативті ойлауына және өз бетінше білім алуына тәрбиелеудегі маңызын айтып, технология элементтерін сабақта қолдану бойынша  таныстырылым жасады. 

  Секциялық отырыста мектеп басшысы Кенешова Раиса Амертаевна Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» шығармасындағы құндылықтарды айта келіп мектеп-лицей жұмысындағы ұлы педагог мұрасының өзектілігіне және мектептің ерекшеліктеріне тоқталды.

   Келесі кезекте, әдіскер тарапынан 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша талдау жасалынып, жаңа оқу жылындағы атқарылатын іс-шаралар мен әдістемелік нұсқау хат (жоба) таныстырылып, талданды, бірқатар ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.

  Секциялық отырыстың практикалық бөлімінде 7 педагог өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтар берді. Атап айтқанда:

  Сулейменова Мейрамгуль Мейрашовна, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі; Барлыбаева Гулим Туткабековна, Шахтинск қаласы «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ; Бакирова Айнур Дюсенбаевна, Қарағанды қаласы «№ 15 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Жасымбекова Назира Муратбековна, Қарқаралы ауданы «Әлібек Бүркітбаев атындағы № 12 ЖББМ» КММ; Байыз Ботакөз Олжабайқызы, Ақтоғай ауданы «Ә.Ермеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ; Абдрахманова Арай, «№2 «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ; Сагибаева Манара Абдумахашевна, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері.

  Сонымен қатар, «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ педагог- психологі Топаева Арайлым Жаскайратовна педагогтермен тренинг өткізсе, аталмыш мектеп басшысының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нәжмәдин Мәдина Ержанқызы отырыс соңында кері байланыс жүргізді.

Секциялық отырысқа 200-ге жуық педагог қатысты.