ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ
16-08-2024 19:00
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 14 тамызында Қарағанды қаласы «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында «Білім беруді цифрландыру: заман талабы мен мүмкіндіктері» атты Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Білім берудегі инновациялар: құндылықтар, үрдістер, технологиялар»Мақсаты: Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Секциялық отырысы аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- Қарағанды облысында ББД ОӘО жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары;

- «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік-нұсқау хаты;

- Оқушыларға көркемдік білім берудегі жасанды интеллект интеграциясы;

- Copilot бағдарламасын тиімді пайдалану арқылы жасанды интеллектіні көркем еңбек сабағына қолданылуы;

- STEAM-сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау процесінде білім алушылардың теориялық және практикалық білімдерін дамытуға әсер ететін білім беру үдерісіндегі инновациялық технология;

- Музыка сабағында оқушыларды дәстүрлі ән және аспаптық өнер мәдениетіне баулу әдістері;

- Музыкалық интеллект арқылы ұлттық құндылыққа бағыттау;

Сондай-ақ, облысымыздың әдіскерлері, жетекші мұғалімдері және жас мамандары да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Тукбаева Зауре Исенгельдиевна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Шляхова Елена Владимировна, Теміртау қаласы эстетикалық цикл мұғалімдері Ассоциациясының төрайымы, көркем еңбек пәні мұғалімі;

Голобородова Марина Валентиновна, Қарағанды қ. «№32 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі;

Ахметкаримова Бакытгуль Нурмаганбетовна, «Дарын» ММЛИ КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі;

Сафатова Марина Владимировна, Шахтинск қаласы «№ 6 ЖББМ» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі;

Кузембай Корлан Сергазыкызы, Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№ 15 жалпы білім беретін мектебі» КММ музыка мұғалімі.

Секциялық отырысқа қатысқан пән мұғалімдерінің саны-70.